Қоғам
Air Astana Дубайға рейстерді қайта тоқтатты. Енді қашан аспан «ашылады»?

21 шілдеден бастап Air Astana Дубай бағыты бойынша рейстерді уақытша тоқтатады. Шектеу 31 тамызға дейін жалғасады. Мұндай шешім Ормуз бұғазы маңындағы қауіпсіздік жағдайының күрделенуіне байланысты қабылданды.
Әуе компаниясының мәліметінше, 21 шілдеге дейін барлық рейстер кесте бойынша орындалып, Дубайдағы жолаушыларды елге қайтаруға бағытталады.
Билеті бар жолаушыларға бірнеше мүмкіндік ұсынылады:
- билет құнын толық қайтарып алу;
- рейсті қосымша ақысыз кейінгі күнге ауыстыру;
- Air Astana-ның басқа халықаралық бағытына тегін қайта брондау.
Еске салайық, бұған дейін әуе компаниясы 13-14 шілдедегі Дубай рейстерін тоқтатып, кейін 15 шілдеден бастап қайта орындауды жоспарлаған болатын. Алайда өңірдегі жағдайдың қайта ушығуына байланысты рейстер тағы да уақытша тоқтатылды.



