Қоғам
23 тамыздағы сайлау: өз сайлау учаскеңізді қалай білуге болады?
23 тамызда өтетін Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына дейін Астана тұрғындары өздерінің қай сайлау учаскесіне тіркелгенін онлайн немесе телефон арқылы алдын ала біле алады.

23 тамызда өтетін Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына орай елорда тұрғындары өздерінің сайлау учаскесі туралы ақпаратты бірнеше тәсіл арқылы нақты уақыт режимінде ала алады.
Сайлау учаскесін:
- арнайы веб-сервис арқылы;
- Telegram-чат-ботының көмегімен;
- 109 бірыңғай iKomek байланыс орталығына хабарласу арқылы білуге болады.
Азаматты белгілі бір сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне енгізудің негізі – оның сол учаскенің аумағында тұрғылықты жері бойынша тіркелуі болып табылады.



