Қоғам
Енді тапсырысыңызды робот-курьер жеткізсе, таң қалмаңыз
Астанада тапсырысты робот-курьер жеткізетін жаңа сервис іске қосылды. Әзірге жоба Есіл және Нұра аудандарында тестілік режимде жұмыс істейді. Егер мекенжайыңыз пилоттық аймаққа кірсе, «Яндекс Лавкадан» берген тапсырысыңызды робот арқылы ешқандай қосымша ақысыз алуға болады.

Астанада робот-курьер арқылы тапсырыс жеткізу сервисі тестілік режимде іске қосылды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Қазір жоба Есіл және Нұра аудандарында жұмыс істейді. Егер мекенжайыңыз пилоттық аймаққа кірсе, «Яндекс Go» қосымшасындағы «Лавка» бөлімінде кәдімгі курьердің орнына робот-курьерді таңдай аласыз. Жеткізу үшін қосымша ақы алынбайды.
Робот тапсырысты тұрғын үйдің кіреберісіне дейін жеткізеді. Оның қозғалысын қосымша арқылы бақылап, келген соң смартфонмен жүк бөлігін ашып, тапсырысты алуға болады.
Жоба әзірге сынақ режимінде жұмыс істеп тұр. Болашақта қызмет көрсету аумағын кеңейту жоспарланған.



