Қоғам

Tarlan Astana-ның жол жүру тарифтері енгізіледі: бағасы қандай?

1 тамыздан бастап Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік желісінде жаңа тарифтер жүйесі іске қосылады. Бұл туралы CTS компаниясы хабарлады.

Бір реттік жол жүру құны 200 теңге болады.

Мерзімдік тарифтер:

  • 1 күн – 500 теңге;
  • 3 күн – 1 500 теңге;
  • 5 күн – 2 500 теңге;
  • 10 күн – 4 000 теңге;
  • 15 күн – 5 000 теңге;
  • 1 ай – 7 500 теңге;
  • 3 ай – 20 000 теңге.

Белгіленген сапарлар саны бойынша тарифтер:

  • 5 сапар – 900 теңге;
  • 10 сапар – 1 800 теңге;
  • 20 сапар – 3 500 теңге;
  • 30 сапар – 5 000 теңге.

Айлық жол жүру тарифі 15-іне дейін сатып алынса, сол айдың соңына дейін жарамды болады. Ал 15-інен кейін сатып алынған тариф келесі айдың 1-інен бастап күшіне енеді.

Күндік және белгіленген сапар саны бар тарифтер алғашқы рет валидатордан өткен сәттен бастап іске қосылып, тәулік соңына дейін немесе сатып алынған сапарлар толық пайдаланылғанға дейін жарамды.

Тарифтерді Tarlan Astana стансаларындағы кассалардан сатып алуға болады. Олар арнайы көлік картасына жүктеледі. Картаның теңгерімін кассада немесе терминал арқылы тексеруге болады.

Егер көлік картасы жоғалса, оған жүктелген белсенді тарифтер қалпына келтірілмейді және басқа картаға ауыстырылмайды.

Қазір бұл тарифтер тек Tarlan Astana желісінде қолданылады. Болашақта жүйені Астана автобустарымен біріктіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button