Қоғам

Қалалар өсіп, ауылдар азайып жатыр: елдегі халық саны туралы жаңа мәлімет

Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан халқының саны туралы жаңартылған мәліметті жариялады. Ел халқы 20,5 миллионнан асып, қала тұрғындарының саны артып, ауыл тұрғындарының саны азаюын жалғастырып отыр.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20 590 589 адамға жетті. Жыл басынан бері ел тұрғындарының саны 90 767 адамға артқан.

Ең көп халық тұратын қала – Алматы. Мұнда 2 373 772 адам тұрады. Жыл басынан бері мегаполис халқы 25 669 адамға көбейген.

Ал Түркістан облысының халқы алғаш рет 2 миллионнан асып, 2 145 680 адамды құрады. Дегенмен жыл басынан бері өңір тұрғындарының саны 3 525 адамға азайған.

Халқы 1 миллионнан асатын өңірлер:

  • Астана — 1 682 721 адам;
  • Алматы облысы — 1 612 393 адам;
  • Шымкент — 1 310 681 адам;
  • Жамбыл облысы — 1 212 698 адам;
  • Қарағанды облысы — 1 130 377 адам.

Ең аз қоныстанған өңірлер:

  • Ұлытау облысы — 218 015 адам;
  • Солтүстік Қазақстан облысы — 511 982 адам;
  • Абай облысы — 592 895 адам.

Сондай-ақ статистика қала тұрғындарының саны өсіп келе жатқанын көрсетеді. Қазір қалаларда 13 190 585 адам тұрады, бұл жыл басымен салыстырғанда 105 475 адамға көп. Ал ауыл тұрғындарының саны 7 400 004 адамды құрап, 14 708 адамға азайған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button