Қоғам

Үйсіз жануарларға жаңа пана: қай жерге салынады?

Ақмола облысының Целиноград ауданында қаңғыбас иттер мен мысықтарға арналған жаңа панажай салынатын жер телімі анықталды. Жобаға 5 гектар жер бөлініп, болашақта мұнда мыңға жуық жануарды орналастыру жоспарланып отыр.

Ақмола облысының Целиноград ауданында қаңғыбас жануарларға арналған жаңа панажайдың құрылысына жер телімі белгіленді.

Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының мәліметінше, жобаға 5 гектар жер бөлініп, аумаққа электр желісі тартылған.

Болашақ панажай айналма жолдан 2 шақырым, ал ең жақын елді мекеннен 9,3 шақырым қашықтықта орналасады.

Қазіргі таңда қажетті дайындық жұмыстары толық аяқталған. Топографиялық түсірілім жүргізіліп, жерге орналастыру жобасы бекітілген және жер теліміне мемлекеттік акт рәсімделген. Қаржы бөлінгеннен кейін жобалау-іздестіру жұмыстары басталады.

Жоба Ақмола облысымен бірлесіп жүзеге асырылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button