Қоғам

Елордадағы LED-экрандарда кері санақ басталды

Қазақстанда Құрылтай депутаттарының сайлауы 23 тамызда өтеді. Маңызды саяси оқиғаға дейін 19 күн қалды. Осыған орай Астанадағы бірқатар көрнекті нысандарда арнайы кері санақ іске қосылды.

Қазақстанда 23 тамызда Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді. Ел үшін маңызды саяси оқиғаға дейін 19 күн қалды.

Осыған байланысты елордадағы бірнеше көрнекті нысанда сайлауға арналған кері санақ көрсетіле бастады.

Арнайы таблолар алып шолу дөңгелегіне және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ғимаратына орнатылды. Сонымен қатар кері санақ Сығанақ пен Түркістан көшелерінің қиылысындағы 3D LED-экранда да көрсетіліп жатыр.

Экрандарда дауыс беруге дейін қалған күн саны көрсетіліп, тұрғындар мен қала қонақтарына алдағы сайлау туралы еске салып тұрады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button