Қоғам

Үйге газды онлайн да қосуға болады

Энергетика министрлігі газ желілеріне қосылу рәсімдерін онлайн форматқа көшіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.

«QazaqGaz Aimaq» АҚ техникалық шарттарды (ТШ) алу қызметін толық цифрландырды. Қазір жыл сайын түсетін 120 мыңға жуық өтінімнің 80%-ы онлайн өңделеді. Халық бұл қызметті 2023 жылдан бастап eGov және eGov Mobile арқылы, ал заңды тұлғалар 2025 жылдан бастап пайдалана алады.

2026 жылғы 1 шілдеден бастап жаңа тұтынушылар үшін ТШ алу процесі толықтай онлайн форматқа көшті. Құжаттар техникалық күрделілігіне қарай 5 немесе 10 күн ішінде беріледі.

Келесі кезең – газ тарату желілеріне қосылу және газ жіберу жұмыстарын цифрландыру. Қазір бұл қызмет Астанада пилоттық режимде іске қосылған. 2026 жылдың соңына дейін сервисті Алматы мен Атырау облысында енгізу жоспарлануда. Кейін жоба барлық өңірлерге кезең-кезеңімен таратылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button