Қоғам

Алматы көшесінің бір бөлігі жыл соңына дейін жабылады

Алматы көшесінің Түркістан көшесінен Мәңгілік Ел даңғылына дейінгі бөлігі 15 тамыздан бастап жыл соңына дейін көлік қозғалысы үшін жабылады.

Шектеу аталған учаскеде көлік тоннелін салу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты енгізіледі. Жоба Алматы көшесі бойымен Мәңгілік Ел даңғылынан Сауран көшесіне дейінгі аралықта жүзеге асырылмақ.

Құрылыс кезінде жолдың көрсетілген бөлігінде көлік қозғалысы толық тоқтатылады. Бұл ретте Алматы көшесі мен Түркістан көшесінің, сондай-ақ Алматы көшесі мен Мәңгілік Ел даңғылының қиылыстары ашық болады.

Жүргізушілерге сапар бағытын алдын ала жоспарлап, балама жолдарды қарастыру ұсынылады. Құрылыс аумағында қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында уақытша жол белгілері орнатылады.

Айта кетейік, елордада көлік қозғалысына байланысты өзге де шектеулер енгізілуде. Бұған дейін Шыңғыс Айтматов көшесінде жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы 12 күнге ішінара жабылатыны хабарланған болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button