Қоғам
23 тамыз қоғамдық көлікпен жүру тегін болады
23 тамызда, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтетін күні, Астана қаласының қоғамдық көлігінде жол жүру тегін болады.

Тегін жүру мүмкіндігі Tarlan Astana жеңіл рельсті көлігінде (LRT), қалалық және экспресс бағыттарда, сондай-ақ қала маңы бағыттарында қолжетімді болады.
Бұл шара тұрғындардың қала ішінде еркін қозғалуына және сайлау учаскелеріне жетуіне қолайлы жағдай жасау мақсатында ұйымдастырылып отыр.



