Қоғам

Мектепке керек-жарақты қайдан арзан алуға болады?

Жаңа оқу жылына дайындық аясында мектеп жәрмеңкелері ұйымдастырылуда. 1–31 тамыз аралығында қаланың барлық ауданында өтетін жәрмеңкелерден тұрғындар мектепке қажетті кеңсе тауарлары мен оқу құралдарын қолжетімді бағамен сатып ала алады.

Қазір жәрмеңкелер елорданың әр ауданында жұмыс істеп тұр. Сауда орындарына күн сайын 200-ден 400-ге дейін тұрғын келіп, оқушыларға қажетті тауарларды сатып алуда.

Жәрмеңкелер демалыс күндері мына мекенжайларда өтеді:

  • Сарыарқа ауданы – «Рахмет» СОО, Н. Тілендиев даңғылы, 15;
  • Нұра ауданы – «Magnum» супермаркеті, Тұран көшесі, 55Д және «Era bazary», Қорғалжын тасжолы, 96;
  • Алматы ауданы – «Гүлжан» СҮ, Абылай хан даңғылы, 34 және «Астана Молл» СОО, Тәуелсіздік даңғылы, 34;
  • Сарайшық ауданы – әр сенбі және жексенбі күндері «Жібек жолы» СОО, А. Байтұрсынов көшесі, 34 және «Damu Mall» СОО, Жұмекен Нәжімеденов көшесі, 26;
  • Байқоңыр ауданы – «Аймақ-Тау» СҮ, С. Сейфуллин көшесі, 45/1.

Мектеп жәрмеңкелерімен қатар елордада әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсетуге бағытталған «Мейірімді алақан» қайырымдылық акциясы да ұйымдастырылуда.

Акция аясында ірі сауда орындарына арнайы жәшіктер қойылған. Қала тұрғындары бұл жәшіктерге мектепке қажетті кеңсе тауарларын, оқу құралдарын және жаңа оқу жылына қажет басқа да заттарды тапсыра алады.

Көмек жинауға арналған жәшіктер мына мекенжайларда орналасқан:

  • Нұра ауданы – «Сарыарқа» СОО, Тұран даңғылы, 24;
  • Байқоңыр ауданы – «Аймақ-Тау» СҮ, С. Сейфуллин көшесі, 45/1;
  • Сарайшық ауданы – «Damu Mall» СОО, Жұмекен Нәжімеденов көшесі, 26;
  • Алматы ауданы – «Аружан» СОО, І. Жансүгіров көшесі, 8/1.

Мектеп жәрмеңкелері ата-аналарға оқу жылына қажетті заттарды тиімді бағамен сатып алуға мүмкіндік берсе, «Мейірімді алақан» акциясы көмекке мұқтаж отбасыларға қолдау көрсетуге бағытталған. Осылайша, елорда тұрғындары жаңа оқу жылына дайындықпен қатар, әлеуметтік көмекке мұқтаж балаларға да өз үлесін қоса алады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button