Қоғам
Сайлау күні Астанада 25 сәби дүниеге келді
23 тамыз – Құрылтай сайлауы өткен күні Астанада 25 сәби дүние есігін ашты.

Ел тұрғындары сайлау учаскелерінде өз таңдауын жасап жатқанда, елордадағы перзентханаларда 25 отбасы үшін ерекше қуаныш орын алды. Бұл күні дүниеге келген сәбилердің 14-і – ұл, 11-і – қыз.
Елордадағы медициналық ұйымдардың мәліметінше, әрбір сәби ата-анасына үлкен қуаныш сыйлап, 23 тамызды отбасылары үшін есте қаларлық ерекше күнге айналдырды.
Бүгінде Астанадағы босандыру ұйымдарының дәрігерлері мен медицина қызметкерлері ана мен балаға тәулік бойы медициналық көмек көрсетіп келеді.



