Қоғам
Бас қалада жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

Астанада жастарға жұмыс табуға мүмкіндік беретін бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылады.
Жәрмеңкеге 50 жұмыс беруші қатысып, жастарға 1 мыңнан астам бос жұмыс орнын ұсынады. Қатысушылар жұмыс берушілермен тікелей байланысып, қызмет түрлері, еңбек жағдайлары мен қойылатын талаптар туралы толық ақпарат ала алады.
Сонымен қатар, жәрмеңке барысында жұмыс берушілермен тікелей сұхбаттасып, жұмысқа орналасу мүмкіндігін қарастыруға болады.
Жәрмеңке 27 тамыз күні сағат 14:00-ден 16:00-ге дейін «Жастар» сарайында өтеді.
Мекенжайы: Астана қаласы, Республика даңғылы, 34.



