Қоғам

Демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтеді

Астаналықтар үшін демалыс күндері жаңа өнімдерді тиімді бағамен сатып алуға мүмкіндік бар. 29 және 30 тамызда елордада кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері ұйымдастырылады.

Жәрмеңкеге жергілікті шаруалармен қатар, Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген өндірушілер қатысады. Сөрелерден көкөніс пен жеміс-жидек, ет және сүт өнімдері, ұн, нан-тоқаш өнімдері, табиғи шырындар, тосап және басқа да ауыл шаруашылығы тауарларын табуға болады.

Жәрмеңкелер екі күн бойы сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді.

📍 Өтетін орындар:

  • «Keryen Joly» СОО – Алаш тасжолы, 35Б;
  • «ERA» базары – Қорғалжын тасжолы, 96.

Жәрмеңке орындарына жету үшін қала тұрғындары №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307, 317, 45, 66, 305 және 312автобус бағыттарын пайдалана алады.

Демалыс күндері азық-түлікті өндірушілердің өзінен сатып алып, тиімді бағамен қажетті өнімдерді толықтырып алуға болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button