Қоғам

Қай отбасы үздік? Астанада ерекше байқау басталды

Астанада «Отбасы – бақыт мекені» жобасы аясында «Үздік жас отбасы – 2026» қалалық байқауы басталды. Алғашқы кезеңге 35 жасқа дейінгі 120 отбасы – 240 адам қатысты.

Байқау QUIZ форматында өтіп, қатысушылар отбасы құндылықтары, Қазақстан тарихы, ұлттық салт-дәстүр, мәдениет, қоғам және жаңа Конституция тақырыптары бойынша сұрақтарға жауап берді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқау жас отбасылардың бірге уақыт өткізіп, бір-бірін жаңа қырынан тануына және отбасылық байланысты нығайтуына мүмкіндік береді.

Алғашқы кезеңде 15 отбасы келесі кезеңге өтті. Олар 10 қыркүйекте өз өнерлерін көрсетеді. Екі кезеңнің қорытындысы бойынша «Үздік жас отбасы – 2026» анықталады.

Айта кетейік, «Отбасы – бақыт мекені» жобасы 2026 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Жоба жыл соңына дейін жалғасып, бес бағыт бойынша жұмыс жүргізеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button