Қоғам

Астананың №8 өрт сөндіру бөлімі күрделі жөндеуден өтті

Астанада күрделі жөндеуден кейін №8 өрт сөндіру бөлімі жаңарды

Елордадағы Байқоңыр ауданында орналасқан №8 өрт сөндіру бөлімінің ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілді. Жаңғырту жұмыстары барысында құтқарушыларға қызмет атқаруға қолайлы жағдай жасалды.

Жөндеу кезінде гараж, инженерлік желілер және арнайы техниканы күтіп ұстауға арналған нысандар жаңартылды. Сонымен қатар бөлім аумағында спорт және демалыс алаңдары жабдықталды.

Қазір мұнда төрт арнайы автокөлік тәулік бойы кезекшілікте тұр. Арнайы техниканы күтіп ұстауға арналған жуу боксы да орнатылды.

Бөлім аумағына ағаштар мен гүлдер отырғызылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Жеке құрам жаңа арнайы киімдермен де қамтамасыз етілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button