Туризм
Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей рейс шығады

Air Astana-ның алғашқы Boeing 787 Dreamliner ұшағы АҚШ-та байқалды
Air Astana әуе компаниясының бояу үлгісіндегі алғашқы Boeing 787 Dreamliner ұшағы АҚШ-тың Оңтүстік Каролина штатындағы Чарлстон қаласында орналасқан Boeing өндірістік кешенінде байқалды.
Фото 1 қазанда түсірілген. Авиация әуесқойлары жаңадан құрастырылған, EI-KZA тіркеу нөмірі бар ұшақты камераға түсірген.
Бұл — Air Astana үшін ғана емес, Қазақстанның авиация тарихындағы алғашқы Boeing 787 Dreamliner ұшағы.
Бірқатар сынақтан кейін Dreamliner ұшағы күзде Қазақстанға жеткізіледі деп күтілуде. Ал жолаушыларды тасымалдауды осы қыста бастауы жоспарланған.
Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей рейстерді асыға күтеміз!



