Басты жаңалықҚоғам
Ең арзан көмір қайда сатылады?
Астанада тұрғындарға көмір сататын 14 нүкте мен 10 қойма бар. Барлық нысан қажетті инфрақұрылыммен және жүк тиеу-түсіру техникасымен жабдықталған. Көмір саудасын 8 компания жүзеге асырады.

Көмір сататын орындар мына мекенжайларда орналасқан:
- Герцен көшесі, 4/1 және 6/2;
- Көктал көшесі, 28 және 28/2;
- Мақат көшесі, 40 және 4/1;
- Жамбыл Жабаев көшесі, 76;
- Дулатов көшесі, 182/1;
- 70-өтпе жол, 9А;
- №2 жылу электр орталығы (ЖЭО-2);
- 101-көше, 30Б;
- Құю көшесі, 44;
- Герцен көшесі, 6Б.
Қазіргі таңда көмірдің орташа бағасы төмендегідей:
- Шұбаркөл — тоннасына 19 500 теңге;
- Қаражыра — тоннасына 18 800 теңге;
- Майкөбе — тоннасына 16 800 теңге.
Сонымен қатар тұрғындар үшін 109 бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді. Бұл нөмір арқылы көмір сататын орындардағы қор, баға және өнімнің бар-жоғы туралы ақпарат алуға болады.



