Басты жаңалықТуризм

AIR ASTANA МЕН CHINA SOUTHERN СТРАТЕГИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСТІК ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙДЫ

 

Бүгін Астанада Air Astana мен Қытайдың China Southern Airlines әуе компаниясы стратегиялық әріптестік туралы келісім жасасты. Бұл – Қазақстан мен Қытайдың әуе тасымалдаушылары арасындағы алғашқы осындай келісім.

Тараптар рейстер кестесін үйлестіруді, код-шеринг бағыттарын кеңейтуді және бірлескен маркетингтік жұмыстарды жүргізуді жоспарлап отыр.

Бұл жолаушылар үшін екі әуе компаниясының рейстері арасында ыңғайлы байланыс орнатуға және бірыңғай тасымалдау шарттарын пайдалануға мүмкіндік береді.

Көлік министрлігінің мәліметінше, екі ел арасындағы рейстер саны өткен жылмен салыстырғанда 52%-ға артқан. Қазір аптасына 21 бағыт бойынша 117 рейс орындалады.

2026 жылдың басынан бері әуе компаниялары Қытай бағытында 1 миллионнан астам жолаушы тасымалдаған. Алдағы уақытта Қытайға қатынайтын бағыттар санын 30-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Дереккөз: ҚР Азаматтық авиация комитеті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button