Сіз назардан тыс қалдыруыңыз мүмкін маңызды 7 жаңалық

🗞
• Pinduoduo Қазақстанға «Қазпошта» арқылы тегін жеткізуді іске қосты. Тапсырыс рәсімдеу кезінде қосымша жеткізу құнын 0 юань деп көрсетеді, алайда ҚҚС бөлек есептеледі. Пайдаланушылардың пікірінше, ауыр заттарға тапсырыс бергенде бұл тиімді, ал жеңіл тауарлар үшін карго қызметін пайдалану әлі де арзан болуы мүмкін.
• Google студенттерге Gemini қызметін бір жыл тегін ұсынады. Жазылымға 400 ГБ бұлттық сақтау орны, Gemini Omni және конспект жасауға, емтиханға дайындалуға, сынақ тесттерін тапсыруға арналған Student Hub мүмкіндіктері кіреді. Қызметті пайдалану үшін студент мәртебесін растау қажет. Ол үшін студенттік билет немесе жоғары оқу орнынан анықтама ұсынылады. Картадан 0 теңге алынады.
• «Ұмай» әйелдер ипотекасына өтінім қабылдау 3 қарашада басталады. Бағдарламаның екінші кезеңіне 20 млрд теңге бөлінді. Шарттары өзгеріссіз қалды: бастапқы жарна өңірлерде – 15%-дан, Астана мен Алматыда – 20%-дан басталады. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – 16,3%-дан 16,8%-ға дейін. Несие сомасы – 50 млн теңгеге дейін.
• FlyArystan әуе билеттерін ертерек сатып алғандарға жеңілдік ұсынады. ERTE30 промокоды арқылы ұшуға 30 күннен астам уақыт қалғанда билет алсаңыз – 10%, ERTE60 арқылы 60 күн бұрын алсаңыз – 15%, ал ERTE90 арқылы 90 күн бұрын алсаңыз – 20% жеңілдік беріледі.
• 5–8 қараша аралығында Kaspi Жұма өтеді. Осы күндері тауарлар мен қызметтерді, сондай-ақ туристік жолдамаларды 24 айға дейін бөліп төлеуге болады. Сонымен қатар көптеген тауарға 50%-ға дейін жеңілдік пен жоғарылатылған бонустар ұсынылады деп күтілуде.
• 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін. Қазір бұл көрсеткіш 85 мың теңге. Өзгеріс бюджет саласы қызметкерлерінің табысына ғана емес, әлеуметтік төлемдердің ең жоғары мөлшеріне де әсер етеді.
Мысалы:
– жүктілік пен босануға байланысты төлемнің ең жоғары мөлшері 3,23 млн теңгеге дейін;
– бала күтіміне байланысты 1,5 жасқа дейінгі ай сайынғы төлем 308 мың теңгеге дейін;
– жұмысынан айырылуына байланысты төлемнің шекті мөлшері айына 346 500 теңгеге дейін өседі.
• 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап микро және шағын бизнеске жүргізілетін тексерулерге үш жылдық мораторий енгізілуі мүмкін. Президент бұл мәселені 28 қазандағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауы барысында қарастыруды ұсынды.



