Қоғам

Астанада ақ түтек боран: тұрғындарға ескерту

Бүгін Астанада ақ түтек боран соғып тұр. Ауа температурасы –9°C болғанымен, қатты желдің әсерінен –34°C шамасында сезіледі.
Желдің жылдамдығы — секундына 8 метр, ауа қысымы — 425, ылғалдылық — 72%.

Қар қалың жауып, боран салдарынан айналаны көру қиындаған. «Қазгидромет» деректеріне сәйкес, мұндай ауа райы кешке дейін сақталады.

Осыған байланысты астаналықтарды сақтық шараларын ұстануға, жылы киініп, мүмкіндігінше алыс жолға шықпауға шақырамыз. Қатты жел мен аязда өз қауіпсіздігіңізге мән беріңіз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button