Қоғам

«Нұра» ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасына қатысу үшін өтінімдер қабылдау басталды

Аудан тұрғындары 1 наурызға дейін аулаларды абаттандыру бойынша өз жобалық ұсыныстарын «Нұра» ауданы әкімдігі аппаратының ресми сайты арқылы ұсына алады.

Жобаға қатысу үшін жобалық ұсыныстың атауы мен мазмұны, нысанның мекенжайы көрсетілген, болжамды схемасы (эскизі), сметасы тіркелген, сондай-ақ тұрғындардың жалпы жиналысының хаттамасы ұсынылған өтінім толтыру қажет.

Жобаның негізгі мақсаты — тұрғындарды қалалық ортаны абаттандыру үдерісіне белсенді түрде тарту. Аудан тұрғындары аула аумақтарын абаттандыруға қатысты өз бастамаларын ұсына алады. Атап айтқанда, жобалық ұсыныстар аулаларды күрделі жөндеу, көгалдандыру, жарықтандыру жүйесін орнату, орамішілік жолдарды асфальттау және абаттандырудың басқа да түрлерін қамтуы мүмкін.

Қатысу қағидалары мен жобаны іске асыру тәртібі «Нұра» ауданы әкімі аппаратының ресми сайтында жарияланған. «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша қосымша ақпаратты 8 (7172) 55-00-39 телефоны арқылы (абаттандыру бөлімі) алуға болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button