Қоғам

«Қазақстан балалары» жаңа тұжырымдамасы қабылданды

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл және басқа да мемлекеттік органдар бірлесе отырып, 2026–2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын әзірледі.

Қазіргі уақытта елімізде шамамен 6,9 миллион бала тұрады, бұл ел халқының үштен біріне жуық бөлігі. Соңғы 10 жылда балалар саны 1,5 миллионға өсті. Сол себепті балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғауға арналған ұзақ мерзімді, нақты және жүйелі шешімдер қажет.

«Қазақстан балалары» тұжырымдамасының негізгі міндеттері:

  • Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау;

  • Балалардың қауіпсіз, сау, білімді және дамуға тең мүмкіндіктері бар ортасын қамтамасыз ету;

  • Балалық шаққа қатысты мемлекеттік іс-шараларды бірыңғай басқару жүйесіне біріктіру.

Құжат 158 нақты шара мен 10 негізгі көрсеткіш арқылы жүзеге асады. Бұл баланың дамуын бақылауды, ашықтықты және нақты нәтижелерді қамтамасыз етеді.

Тұжырымдамада назар аударылған жаңалықтар:

  • Баланың өмірлік жолын цифрлық түрде қадағалау және онлайн қауіпсіздік шараларын күшейту;

  • Инклюзивті орта құру және өңірлерде балалар инфрақұрылымын дамыту;

  • Медициналық және оңалту ұйымдарының желісін кеңейту;

  • Әлеуметтік қолдауды жетілдіру, оның ішінде балаларға тегін жол жүруді кезең-кезеңімен енгізу;

  • Балалардың құқықтарының бұзылуының алдын алу, психологиялық көмек пен жеке сүйемелдеу жүйесін күшейту, қылмыстық процесс кезінде де қолдау көрсету.

Осылайша, «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы әрбір бала үшін қауіпсіз, тең мүмкіндіктері бар және құқықтары қорғалған орта құруға бағытталған жүйелі және орнықты мемлекеттік бастама болып табылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button