Енді ИП ашудың, есеп тапсырып бухгалтер жалдаудың қажеті жоқ

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға арналған арнайы салық режимі іске қосылды. Оның басты артықшылығы — жеке кәсіпкер (ИП) ашудың, есеп тапсырудың және бухгалтер жалдаудың қажеті жоқ.
Қандай төлем жасалады?
Самозанятые жеке табыс салығын (ИПН) төлемейді. Тек табыстың 4%-ы көлемінде әлеуметтік төлемдер аударады:
-
1% — зейнетақы жарнасы,
-
1% — жұмыс берушінің зейнетақы жарнасы,
-
1% — әлеуметтік аударым,
-
1% — әлеуметтік медициналық сақтандыру.
Мысалы, айына 250 000 теңгеге пәтер жалға берсеңіз, әлеуметтік төлемдер 10 000 теңге болады. Сондықтан бұл режимге қазір көптеген жалға берушілер ауысып жатыр.
Кімдерге арналған?
Бұл режим жалдамалы жұмысшысы жоқ, өз бетімен қызмет көрсететін азаматтарға арналған. Атап айтқанда: фотографтар, дизайнерлер, аудармашылар, шаштараздар, репетиторлар, маникюр шеберлері, жөндеу мамандары, жүк тасушылар және тағы басқалар.
Маңызды талап — айлық табыс 300 АЕК-тен (2026 жылы 1 297 500 теңге) аспауы тиіс.
Арнайы шотты банктердің қосымшасы арқылы ашуға болады. Мысалы, Kaspi қосымшасында:
Госуслуги → Стать самозанятым.
Қызмет түрін таңдап, фотоверификациядан өтіп, құжаттарға қол қоясыз. Тіркеу бірден расталады, шот «Мой Банк» бөлімінде пайда болады.
Арнайы шоттарды Halyk Bank, Банк ЦентрКредит және Freedom Bank арқылы да ашуға болады.
Қалай төлем қабылдайды?
Үш тәсіл бар:
-
телефон нөмірі арқылы қашықтан,
-
қолма-қол,
-
QR-код арқылы.
Төлемнен кейін жүйе электронды чекті автоматты түрде қалыптастырып, клиентке және салық органдарына жібереді.
Төлемдер ай сайын 1–25 аралығында, өткен ай үшін төленеді. Егер табыс болмаса, төлеудің қажеті жоқ.
Kaspi қосымшасында:
Платежи → Штрафы и налоги → Отчисления самозанятых.
Жүйе соманы автоматты түрде есептейді.
Шот ашу және қызмет көрсету — тегін. QR және қашықтан төлем қабылдау үшін 0,95% комиссия ұсталады. Алғашқы 3 айда комиссия 0%. Төртінші айдан бастап 1% көлемінде Kaspi Бонус беріледі.
Кімдерге жеңілдік бар?
-
Зейнеткерлер — барлық төлемнен босатылады.
-
I–II топтағы мүгедектігі бар азаматтар — зейнетақы және медсақтандыру төлемейді.
-
I–III топ мүгедектігі барлар, көпбалалы аналар (6+), декреттегі аналар, күндізгі бөлім студенттері — медсақтандырудан босатылады.
-
1975 жылға дейін туғандар — жұмыс берушінің зейнетақы жарнасын төлемейді.
Жеңілдіктер автоматты түрде есепке алынады.
Маңызды: бір мезетте әрі ИП, әрі самозанятый болуға болмайды. Егер осы режимге өтемін десеңіз, алдымен ИП-ны жабу қажет.


