ҚоғамЭкономика

Үкімет отандық тауар өндірушілерді қолдау шараларын қарастырмақ

17 қарашада Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің кезекті отырысы өтеді. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – отандық тауар өндірушілерді қолдау және өндіріс саласын дамыту.

Мемлекеттік қолдау аясында қазақстандық кәсіпорындарға жеңілдетілген несие беру, мемлекеттік сатып алуларда отандық өнімге басымдық таныту, кепілдік ұсыну және экспортты ынталандыру тетіктері қарастырылған.

Kazinform мәліметінше, 2025 жылы «Самұрық-Қазына» қорының қазақстандық тауар өндірушілерден сатып алу көлемі шамамен 2,2 трлн теңгеге жеткен. Бұл алдыңғы кезеңмен салыстырғанда екі есе көп.

Ал 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында қор жүйесінде отандық өндірушілермен жалпы құны 594 млрд теңгеден асатын 3,8 мыңнан астам келісімшарт жасалған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 46 пайызға жоғары.

Кәсіпкерлерді қаржыландыру мәселесіне де ерекше назар аударылып отыр. 2024 жылдан 2026 жылдың тамызына дейін «Даму» қоры арқылы өңдеу өнеркәсібіндегі 10,3 мың жобаға жалпы сомасы 2,2 трлн теңге көлемінде кредиттік қолдау көрсетілген.

Үкімет отырысынан кейін өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков пен «Даму» қорының басқарма төрағасы Фархат Сәрсекеевтің қатысуымен баспасөз мәслихаты жоспарланған.

Отандық өндірісті қолдау кәсіпорындардың дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және импортқа тәуелділікті азайтуға бағытталған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button