Экономика

Кэшбек алып, байып кет…

Осы айда қай банкта қанша кэшбек бар, қай дүкенде қандай жеңілдік, бәрін жаздық. Оқып, сақтап алыңыз.

Сәуір айында қазақстандық банктер клиенттеріне әртүрлі санаттар бойынша жоғары кешбэк ұсынып отыр. Бұл — күнделікті шығындарды тиімді басқаруға және белгілі бір деңгейде үнем жасауға жақсы мүмкіндік. Әсіресе азық-түлік, жол жүру, ойын-сауық және коммуналдық төлемдер секілді тұрақты шығындарда қайтарым алу тиімді.

Жаңа кешбэк санаттары

Сәуірде бірқатар банктер жаңа бағыттарды қосты. Мысалы, аяқ киім мен киім сататын Intertop дүкендерінде 20%-ға дейін кешбэк (Forte) ұсынылады. Сонымен қатар фитнес пен спортқа жұмсалған қаражаттан 10%-ға дейін (БЦК), ал жануарларға арналған тауарлар мен ветеринарлық қызметтерге 5% (Forte) қайтарылады.

Киносүйер қауым үшін де жақсы жаңалық бар — кинотеатрлар мен онлайн платформаларда 5% кешбэк қарастырылған.

Коммуналдық төлемдер

Коммуналдық қызметтер — ай сайынғы тұрақты шығындардың бірі. Бұл санатта:

  • 10% дейін (БЦК, жалақы клиенттеріне)
  • 5% (Forte — интернет пен ТВ бірге)
  • 5% (Arna)

Бұл — әсіресе отбасылық бюджетке айтарлықтай жеңілдік береді.

Ойын-сауық және демалыс

Ойын-сауық саласы да назардан тыс қалмаған. Ticketon арқылы билеттер сатып алғанда 19%-ға дейін кешбэк алуға болады (Freedom Bank). Сонымен қатар кино, концерт, театр және аттракциондарға 30%-ға дейін қайтарым (Еуразиялық банк, Bereke) ұсынылады.

Тамақ және азық-түлік

Күнделікті ең жиі жұмсалатын санаттардың бірі:

  • Кафе мен мейрамханалар: 5% (Forte)
  • Arbuz жеткізу сервисі: 26%-ға дейін (Freedom Bank)
  • Яндекс Go (Еда бөлімі): 5%-ға дейін
  • Choco: 10%-ға дейін
  • Small & Spar супермаркеттері: 8% (БЦК)

Сапарлар мен көлік

Қала ішінде және сыртында жүргендер үшін:

  • Қоғамдық көлік (Onay, Avtobys): 100% (арнайы тарифтерде)
  • Такси: 5–20% аралығы әртүрлі банктерде
  • Ұшақ және пойыз билеттері: 14%-ға дейін (Freedom)

Автокөлік шығындары

Жүргізушілер үшін тиімді ұсыныстар:

  • Жанармай: 3%-дан 11%-ға дейін
  • Шиналар: 23%-ға дейін
  • Сақтандыру (ОГПО, КАСКО): 10–50% аралығында жеңілдіктер

Басқа санаттар

Балалар тауарлары, смартфондар, сақтандыру, туризм және маркетплейстер де кешбэк жүйесіне енген. Кейбір ұсыныстар 20–29%-ға дейін жетеді.

Бір карта жеткілікті ме?

Көп карта ұстап жүргісі келмейтіндер үшін универсалды шешімдер бар:

  • Halyk — 10%-ға дейін
  • Freedom Bank — 6%-ға дейін
  • RBK, Arna, Simply, Bereke — 3–6% аралығы

Сәуір айындағы кешбэк ұсыныстары — қаржыны тиімді басқарудың нақты құралы. Әртүрлі банктердің акцияларын салыстырып, өз шығындарыңызға сәйкес карталарды таңдау арқылы ай сайын айтарлықтай үнемдеуге болады.

Ең бастысы — кешбэк тек бонус емес, ол дұрыс қолданылған жағдайда жеке қаржы стратегиясының бір бөлігіне айналады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button