Ойық-шұрық жолға қалай шағымдану керек?

Көктемде жол сапасы жиі нашарлап, жүргізушілер үшін қауіп төндіретін шұңқырлар көбейеді. Мұндай жағдайда не істеу керегін білу маңызды.
1️⃣ Жолда қауіпті шұңқыр көрсеңіз:
– Өтінішті e-Otinish сервисі арқылы жіберу ең ыңғайлы. Мұнда өтінішіңіздің қаралу барысын бақылауға болады
– Егер шұңқыр апатты жағдай туғызуы мүмкін болса, 102 немесе 112 нөміріне хабарласыңыз
– Республикалық жолдар бойынша 1403 нөміріне (ҚазАвтоЖол) қоңырау шалуға болады
2️⃣ Егер көлігіңіз шұңқырға түсіп, зақымдалса:
– Оқиға орнынан кетпеңіз
– Авариялық белгі қойып, полицияны (102) шақырыңыз
– Шұңқырды, көлікті және жағдайды фото/видеоға түсіріңіз
– Полиция акт толтырып, шұңқырды себеп ретінде тіркеуі тиіс
– Міндетті түрде хаттаманың көшірмесін алыңыз
3️⃣ Өтемақы қалай алынады:
– e-Otinish арқылы шығынды өтеу туралы өтініш беріңіз
– Жауапты орган: Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитеті
– Зиянды бағалатып, кінәлі мекемеге ресми талап (досудебная претензия) жолдауға болады
– Егер өтемақы төленбесе, сотқа жүгінуге болады
⚠️ Маңызды: Көзге көрінбейтін зақым болуы мүмкін, сондықтан тіпті жеңіл соққы болса да, бәрін тіркеп алған дұрыс.
Жолдағы қауіпсіздік – сіздің де, өзгелердің де жауапкершілігі.



