Абай бол! iPhone қолданушыларына жаңа алаяқтық әдіс тарады
Соңғы кезде интернет-алаяқтар жаңа тәсіл ойлап тапты. Олар iPhone қолданушыларына «iCloud толып кетті» деген жалған хабарламаларды жаппай жіберіп жатыр.

Хабарламада:
«Аккаунтыңыз бұғатталады»,
«Фотоларыңыз өшіп кетуі мүмкін»
деген сияқты қорқытатын мәтіндер болады.
Ең қауіптісі — бұл хабарламалар нағыз ресми ескертулерге қатты ұқсайды. Сол себепті көп адам сеніп қалып, ішіндегі сілтемеге кіріп кетеді.
Ал сілтемеге өтсең — бәрі бітті.
Сен жалған сайтқа түсесің, сол жерде логин, пароль, тіпті банк картасының деректерін енгізіп қоюың мүмкін. Осылайша алаяқтар сенің барлық мәліметіңді алып қояды.
Мұндай хабарламалар тек iCloud емес, басқа да сервистер атынан келуі мүмкін: Google Drive, Яндекс Диск, Mail.ru сияқты.
Не істеу керек?
– Бейтаныс хабарламалардағы сілтемеге кірме
– Аккаунтты тек ресми қосымша арқылы тексер
– Ешқашан бөтен сайтқа пароль мен карта деректерін жазба
– Қосымша қорғаныс үшін екі факторлы тексеруді қос



