Қоғам

Таныс жол, жаңа ереже, бір жақты бағыт: енді қалай жүреміз?

27 сәуірден бастап қаладағы бір бағыт сәл басқаша “жұмыс істей” бастады. Қазақстан футбол федерациясы мен Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы арасындағы жол енді біржақты қозғалысқа өтті.

Яғни, бұрын екі бағытта жүріп үйренген жүргізушілерге енді бағытын сәл өзгертуге тура келеді. Алғашында ыңғайсыз болуы мүмкін, бірақ бұл өзгерістің себебі түсінікті — қауіпсіздік. Бұл маңда балалар көп жүреді, түрлі үйірмелер мен іс-шаралар өтеді, сондықтан тәртіпті күшейту керек болды.

Тағы бір плюс — кептеліс азаюы мүмкін. Біржақты қозғалыс көбіне трафикті жеңілдетіп, “хаосты” азайтады.

Ең бастысы — асықпай, жол белгілеріне қарап жүріңіз.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button