Қоғам
Тегін у беріледі: тұрғындарға маңызды ескерту

Астанада тышқан мен егеуқұйрықтарды улау қарсы жұмыстар басталды.
Қазірдің өзінде қалада 28 мыңға жуық жеке үйдің ауласы өңделген. Ал 1–15 мамыр аралығында улау жұмыстары көшелерде, саябақтар мен өзен жағасы, каналдар мен басқа да ашық жерлерде жалғасады. Қала бойынша барлығы 8 мың гектар аумақ қамтылады.
Жеке үйде тұратын адамдарға арнайы уланған жем тегін беріледі. Мамандар оны қалай дұрыс және қауіпсіз қолдану керегін түсіндіріп береді.
Бұл жем арнайы рұқсат етілген дәрілермен жасалады, яғни адамдарға қауіпсіз қолдануға болады (нұсқаулықты сақтау маңызды).
Негізгі мақсат — қалада тышқан мен егеуқұйрықты азайту. Себебі олар түрлі ауру таратуы мүмкін.
Қысқасы, бұл — қаладағы тазалық пен қауіпсіздік үшін жасалып жатқан кәдімгі жоспарлы жұмыс.



