Кел де, өзгерт!

Астанада бүгін таңнан бастап кәдімгідей пайдалы қозғалыс басталды — «Таза Қазақстан» экологиялық айлығы аясында «Мөлдір бұлақ» акциясы өтіп жатыр.
Қала тұрғындары мен еріктілер Есілдің жағалауына, Сарыбұлақ маңына және басқа да су айдындарына жиналып, айналаны қоқыстан тазалап жатыр. Бірі пакет ұстап жүрсе, енді бірі жағалауды ретке келтіріп, демалуға қолайлы етуге кіріскен. Қысқасы, «табиғатқа да тазалық керек» деген ұран іске асып жатыр.
Бұл іске тек белсенділер ғана емес, қарапайым тұрғындар, жастар, коммуналдық қызмет өкілдері де қосылған. Осындай шаралар қалаға жанашыр адамдардың көп екенін тағы бір дәлелдейді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, басты мақсат — тек тазалық жасау емес, адамдардың табиғатқа деген көзқарасын өзгерту. Өйткені таза қала бізге керек.
Егер сен де бүгін бос болсаң, сыртта серуендеп қана қоймай, қалаға кішкентай болса да пайдаңды тигізіп қайтуға болады



