Қоғам

Жеңіс күні: Астанада майдангерлер рухына құрмет көрсетілді

Жеңіс күніне орай Астанадағы «Отан Ана» монументі маңында тағылымы терең еске алу рәсімі өтті. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Премьер-министр Олжас Бектенов, Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев және Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов «Отан Ана» монументіне гүл шоқтарын қойып, соғыс жылдарында ерлікпен қаза тапқан батырларды еске алды.

Рәсім барысында қатысушылар майдангерлерді, тыл еңбеккерлерін және соғыс құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алып, олардың ел үшін жасаған жанқиярлық ерлігіне тағзым етті.

Жеңіс күні – тек тарихи дата емес, бейбіт өмірдің бағасын ұғындыратын, ұрпақтар сабақтастығын жалғайтын ерекше күн. Осындай тағылымды сәттер ел бірлігі мен тыныштығының қадірін тағы бір мәрте еске салды.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтап, батырлар ерлігі ешқашан ұмытылмайтынын атап өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button