Қоғам

Елорда тұрғындары әсерлі әуе шоуын тамашалай алады

Астана аспанында алдағы күндері ерекше көрініс байқалмақ. 15 мамырда елордада Әуе қорғанысы күштерінің қатысуымен жойғыш ұшақтардың демонстрациялық ұшуы өтеді. Осыған орай 10 мамырдан бастап қала әуе кеңістігінде әскери авиацияның жаттығу ұшулары басталады.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, барлық маневрлер қауіпсіз биіктікте ұйымдастырылып, тұрғындардың күнделікті өміріне айтарлықтай әсер етпейді. Дегенмен жаттығу кезінде ұшақтардың дауысы естілуі мүмкін. Мамандар елорда тұрғындары мен қонақтарын бұған түсіністікпен қарауға шақырды.

Әсіресе, демонстрациялық ұшу кезінде аспанда түрлі түсті түтін іздерін қалдыратын әуе шоуы көпшілік назарын аудармақ. Ведомство өкілдері қолданылатын түтіндердің экологияға зиянсыз екенін және барлық ұшу бағдарламасы қауіпсіздік талаптарына толық сай өтетінін атап өтті.

Көрермендер үшін бұл – әскери авиацияның мүмкіндігін тамашалап, ел қорғанысының қуатын сезінуге берілетін ерекше мүмкіндік болмақ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button