Қоғам

Демалыс күндері өтетін жәрмеңкеден қалып қоймаңыз

16-17 мамыр күндері кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Іс-шара барысында қала тұрғындары мен қонақтарына еліміздің әр өңірінен әкелінген табиғи әрі сапалы өнімдер ұсынылады.

Жәрмеңкеге жергілікті фермерлер мен отандық өндірушілер қатысып, келушілерге көкөніс пен жеміс-жидек, ет және сүт өнімдері, ұн, нан-тоқаш өнімдері, табиғи шырындар, тосап, джем және өзге де азық-түлік тауарларын тиімді бағамен ұсынады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жәрмеңкелер жергілікті кәсіпкерлерді қолдап қана қоймай, тұрғындарға сапалы өнімді делдалсыз сатып алуға мүмкіндік береді.

Іс-шара 16-17 мамыр күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Keryen Joly сауда орталығы аумағында өтеді.

Келушілердің ыңғайлылығы үшін жәрмеңке орнына №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307 және 317 автобус бағыттары қатынайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button