Қоғам
Енді Кіші Талдыкөлді не істейді?
Бірнеше жылдан бері талқыланып келе жатқан Кіші Талдыкөлдің бір бөлігі экопаркке айналуы мүмкін. Қала әкімдігі жобаның құны мен мерзімін айтты.

Кіші Талдыкөлдің бір бөлігінде экопарк құрылысы 2026 жылы басталады. Бұл туралы әкім орынбасары Ерсін Өтебаеа мәлімдеді.
Оның айтуынша, жобаның сметалық құжаттамасы дайын, мердігер анықталған және қаржыландыру да қарастырылған. Құрылысты келесі жылы аяқтау жоспарланып отыр. Жалпы құны 4,5 млрд теңге жұмсалмақ.
Қазір аумақтың көрінісі болашақ экопаркке аса ұқсамайды: айналасы құрылыс пен қоршауға толы, су аз, кей жері батпаққа көбірек ұқсайды. Сонымен қатар аумақта құрылыс қалдықтары мен топырақ үйінділері байқалады. Кейбір үйінділер шағын пирс секілді көрінеді. Болашақта бұл жер қаланың көрікті эко-саябақтарына айналады деп күтілуде.



