Қоғам

Әуежай маңындағы жол жөндеуге байланысты автобус бағыттары өзгерді

Астанада әуежай маңында жол жөндеу жұмыстары басталып, соған байланысты бірнеше автобус бағыты уақытша өзгертілді. Жөндеу Тұран даңғылының бір бөлігінде жүргізіліп жатыр.

Қалалық көлік қызметінің мәліметінше, №26, №27, №40 және №42 автобустары уақытша өзгертілген сызба бойынша қатынайды. Сонымен қатар кей аялдамалар жабылып, басқа бағыттарға да өзгерістер енгізілген.

Мамандар тұрғындарға жолға шығар алдында автобус бағыттарын алдын ала тексеруге кеңес береді. Сондай-ақ Астана әуежайында ұшу-қону жолағына жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына байланысты кей рейстердің уақыты өзгеруі мүмкін.

Басқа жаңалықтар

Back to top button