Қоғам
Жазғы басталды: балаларға нені ескерту керек?
Прокуратура өкілдері жаз мезгілінде балалар жиі тап болатын қауіптер туралы айтты.

Астанада жазғы каникул қарсаңында балалар қауіпсіздігі туралы ескерту жасалды.
Мамандар ата-аналарды балалардың жазда уақытын қалай өткізіп жүргеніне көбірек көңіл бөлуге шақырды:әсіресе көшеде, су жағасында және интернетте.
Айтуларынша, демалыс кезінде балалар көбіне ересектердің бақылауынсыз қалады. Сондықтан әлеуметтік желідегі белсенділікті бақылау, жол қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру және кішкентай балаларды ашық терезе мен су маңында қараусыз қалдырмау маңызды.
Сонымен қатар ата-аналарға балалардың араласатын ортасына назар аударып, қауіпті сайттарға шектеу қою және интернеттегі қауіпсіздік туралы жиі сөйлесу ұсынылды.
Жаз бойы қалада рейдтер, профилактикалық жұмыстар және әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізіледі.



