Қоғам
Биыл мектеп бітіру кешін дүркіретіп өткізуге тыйым салынды

Астанада мектеп түлектеріне мейрамхана, кафе және басқа ойын-сауық орындарында бітіру кешін өткізуге тыйым салынды. Қалалық Білім басқармасы аттестат тапсыру рәсімі тек мектепте өтуі тиіс екенін мәлімдеді.
Сондай-ақ дастархан жаюға, автокеруен ұйымдастыруға, аниматорлар шақыруға және мұғалімдерге сыйлық алу үшін ақша жинауға болмайды. Бұл шаралар оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ата-аналардың шығынын азайту мақсатында қабылданған.
Бітіру кештері кезінде қалада рейдтік жұмыстар жүргізіледі. Биыл Астанада 16 мыңнан астам 11-сынып оқушысы мектеп бітіреді.



