Қоғам

ИП — ны жабу толық онлайн форматқа өтті

Енді ЖК жабу үшін салық комитетіне барып, қағаз тасып жүрудің қажеті жоқ. eGov Business қосымшасында «Жеке кәсіпкердің қызметін тоқтату» қызметі пайда болды. Яғни, ЖК-ны толық онлайн жабуға болады. Барлығы телефон арқылы жасалады.

Қосымшаға кіріп:
• «Бизнесті тіркеу және тоқтату» бөлімін таңдайсыз;
• ЖК жабу қызметіне өтесіз;
• қажетті санатты белгілейсіз;
• өтінішті Face ID, Touch ID немесе кодпен растайсыз.

Одан кейін өтініштің мәртебесін қосымша арқылы бақылап отыра аласыз. Егер бәрі дұрыс болса, жүйеде ЖК-ның ресми түрде жабылғаны көрсетіледі.

Қазір eGov Business-та бизнесті ашу, жүргізу, қайта тіркеу және жабу қызметтері біртіндеп толық цифрланып жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button