Қоғам
1-сыныпқа құжат қабылдау басталды

27 мамырдан бастап елордадағы барлық білім беру ұйымында 1-сыныпқа құжат қабылдау ресми түрде басталды. Қабылдау офлайн және онлайн форматта жүргізілуде. Қазіргі уақытта онлайн жүйе тұрақты жұмыс істеп тұр.
Бірінші сыныпқа қабылдау үшін ата-аналар төмендегі құжаттарды тапсыруы қажет:
• ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші;
• №065/у үлгісіндегі медициналық анықтама;
• №052-2/у үлгісіндегі баланың денсаулық паспорты;
• көлемі 3×4 см болатын 2 фотосурет.
Құжат қабылдау 27 мамыр мен 31 тамыз аралығында жалғасады.



