Қоғам

Мектеп оқушылары жазда 150 мың теңгеге дейін ақша таба алады

Жаз мезгілі жасөспірімдер үшін енді тек демалыс уақыты емес. 14-18 жас аралығындағы мектеп оқушыларына арналған арналған арнайы вакансиялар Enbek.kz платформасында жарияланды.

Қазақстандық мектеп оқушылары енді жазда ресми түрде жұмысқа орналаса алады. Ол үшін Enbek.kz сайтында арнайы бөлім іске қосылған.

14 жастан бастап жеңіл жұмыс істеуге рұқсат беріледі, бірақ ата-ананың келісімі қажет. Сонымен қатар жасөспірімдер үшін жұмыс уақытына шектеу қойылады және түнгі ауысымдарға тыйым салынады.

Жалақы мөлшері:
— қоғамдық жұмыстарда: шамамен 94–103 мың теңге;
— «Жасыл ел» бағдарламасы мен жеке компанияларда: 30 мыңнан 150 мың теңгеге дейін.

Танымал вакансиялар:
— кафе қызметкері;
— промоутер;
— курьер;
— аниматор;
— лагерь мен кітапхана көмекшісі;
— көгалдандыру жұмыстары;
— SMM-ассистент және әлеуметтік желі модераторы.

Жұмысқа орналасу үшін жеке куәлік немесе туу туралы куәлік, мектеп анықтамасы, медициналық анықтама және ата-ананың рұқсаты қажет.

Ал егер жұмыс беруші жалақы төлемесе немесе ресми келісімшарт жасамаса, «Е-өтініш» арқылы шағым беруге болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button