Мейрамхананың орнына қайырымдылық: Астанада бітіру кештер үрдісі өзгеріп келеді
Астанада түлектер қымбат банкеттер мен сән-салтанатты кештерден жиі бас тартып, оның орнына қайырымдылық пен әлеуметтік жобаларды таңдауда.

Елордада мектеп бітірушілердің көбі қымбат мейрамханалар мен ауқымды кештердің орнына қарапайым форматты таңдап жатыр.
Кейбірі мектеп қабырғасында шағын кеш өткізсе, енді бірі қайырымдылық және әлеуметтік жобаларға қатысуда.
Мысалы, №101 мектептің түлектері балалар үйіне барып, ойыншықтар, киімдер және қажетті заттар табыстаған.
Сонымен қатар жастар ағаш отырғызып, қаланы көгалдандыру акцияларына және түрлі қоғамдық бастамаларға қатысып жүр.
Білім саласының өкілдері мұндай өзгеріс бітіру кешінің мәдениетін біртіндеп өзгертеді деп есептейді: ата-аналарға артық қаржылық салмақ түспейді, ал жастар адамгершілік пен жауапкершілікке көбірек мән бере бастайды.
Қазір көптеген түлек үшін выпускной «кімнің кеші қымбат өтті» деген жарыстан гөрі, ересек өмірге қандай адам болып қадам басатынымен маңыздырақ болып бара жатқандай.



