Қоғам

Қытай маркетплейстерінен сауда жасау қиындай түсуі мүмкін

2026 жылғы 1 шілдеден бастап шетелдік маркетплейстерден тауар сатып алу тәртібі өзгереді. Жаңа талаптар Temu, Taobao және Pinduoduo сияқты платформаларға да қатысты болады.

Қазақстандықтар үшін шетелден онлайн сауда жасау шарттары өзгереді.

Digital Business⁠ мәліметінше, 1 шілдеден бастап шетелдік маркетплейстер тауар құнына 16% ҚҚС енгізуі тиіс. Соның салдарынан көптеген тауарлардың бағасы өсуі мүмкін.

Тағы бір маңызды өзгеріс — ЕАЭО елдерінен тыс мемлекеттерден келетін барлық сәлемдемелерді декларациялау міндеті. Тауардың бағасы төмен болса да, құжат рәсімдеу қажет болады.

Ал 5% көлеміндегі баж салығы тек сәлемдеме құны 200 еуродан немесе салмағы 31 келіден асқан жағдайда ғана төленеді.

Жаңа ережелер бюджет түсімдерін арттыруы мүмкін. Алайда қарапайым сатып алушылар үшін шетелдік маркетплейстерден сауда жасау бұрынғыға қарағанда қымбатырақ әрі күрделірек болмақ

Басқа жаңалықтар

Back to top button