Қоғам
«Көк тудың желбірегені»: елордалық оқушылар челлендж өткізді
Астанадағы №92 мектеп-лицейінде Мемлекеттік рәміздер күніне орай 350 оқушы Қазақстан Туының бейнесін жасап, патриоттық челленджге қатысты.
Елордалық оқушылар Мемлекеттік рәміздер күнін ерекше форматта атап өтті.
№92 мектеп-лицейінің 350 оқушысы арнайы түстердегі киім киіп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы түрінде композиция құрастырды.
Челлендж барысында «Көк тудың желбірегені» әні орындалып, акцияға ерекше атмосфера сыйлады.



