Қоғам
Елордадағы танымал нысан жөнделеді
Астанадағы «Астана жұлдызы» монументінде реставрациялық жұмыстар басталады. Жөндеу тамыз айының ортасына дейін жалғасады.

5 маусым мен 15 тамыз аралығында елордадағы Тұран және Қабанбай батыр даңғылдарының қиылысында орналасқан «Астана жұлдызы» монументінде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.
Жоба нысанның тарихи-мәдени құндылығын сақтап, оның техникалық жағдайын жақсартуға бағытталған.



