Астанада мүлікті бүлдіру азаймай тұр: полиция не дейді?

Астанада қоғамдық мүлікті бүлдіру жағдайлары әлі де кездеседі. Осығана орай полиция да, қала әкімдігі де бұл мәселеге ерекше көңіл бөліп отыр.
Қалада бейнебақылау камералары көптеп орнатылған. Олар тәулік бойы жұмыс істеп, аялдамалар, көшелер мен қоғамдық орындарды бақылап отырады. Егер біреу мүлікті бүлдірсе, оны камералар арқылы тез анықталады.
Полицейлер тек бақылап қана қоймай, тұрғындарға түсіндіру жұмысын да жүргізуде. Кейде дрондар мен дауыс зорайтқыштар арқылы адамдарға қоғамдық мүлікке ұқыпты қарау керегі ескертіледі.
Биылдың өзінде қалада шамамен 80-ге жуық вандализм фактісі тіркелген. Көбіне аялдама әйнектері сынған, орындықтар мен қоқыс жәшіктері бүлінген, кей жерлерде бейнекамералар мен лифт жабдықтарына зақым келген.
Кейбір жағдайлар тіпті таңғалдырады. Мысалы, балалардың ойыны салдарынан да мүлік бұзылып жатады. Бір оқиғада 9 жасар бала шлагбаумды сындырып қойған. Соңында оның ата-анасы шығынды өтеген.
Біреудің мүлкін әдейі бүлдірсеңіз, айыппұл төлейсіз немесе тіпті қамауға алынуыңыз мүмкін. Ал егер бала жасаса, жауапкершілік ата-анада болады дейді тәртіп сақшылары.
Сондықтан мамандар тұрғындарды мұндай әрекеттерге бейжай қарамауға шақырады. Біреудің бұзғанын көрсеңіз — 102 нөміріне хабар берген дұрыс.
Қала – ортақ үйіміз. Оны таза әрі қауіпсіз ұстау да өз қолымызда.



