Қоғам

Бір QR – кез келген банк: жаңа төлем дәуірі басталады

Жақын арада дүкендегі төлем кезінде қай банктің қосымшасын қолданатыныңыз маңызды болмай қалуы мүмкін. Қазақстанда бірыңғай QR жүйесі іске қосылады.

19 шілдеден бастап Қазақстанда банктерге арналған бірыңғай QR-код жүйесі іске қосылады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді.

Жаңа жүйе арқылы сатып алушылар төлемді өз банкінің мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асыра алады. Яғни сатушы қай банкпен жұмыс істейтініне қарамастан, бір QR-код жеткілікті болады.

Жобаның негізгі мақсаты — бизнес үшін ортақ төлем инфрақұрылымын қалыптастыру. Соның арқасында кәсіпкерлер әртүрлі банк клиенттерінен төлемді бір QR арқылы қабылдай алады.

Ал терминалдар саны мен оларды пайдалану мәселесін кәсіпкерлер өздері шешеді. Сарапшылардың пікірінше, бұл жаңашылдық қолма-қол ақшасыз төлемдерді одан әрі ыңғайлы етеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button