Қоғам
Велосипед енді мопед саналады ма? Ережелер өзгерді

Қазақстанда қозғалтқышы бар велосипедтер ресми түрде мопед санатына енгізілді. Енді олардың иелері мопед жүргізушілеріне қойылатын талаптарды орындауы тиіс.
Не өзгерді:
• көлікті міндетті түрде тіркеп, мемлекеттік нөмір алу қажет;
• A, A1 немесе B санатындағы жүргізуші куәлігі болуы керек;
• мопедтерге арналған жол қозғалысы ережелері қолданылады.
Сондай-ақ мұндай көлікпен веложолақтарда, велосипед жолдарында, тротуарларда және жаяу жүргіншілер жолында жүруге болмайды.
Ал электросамокаттар, монодөңгелектер мен гироскутерлер үшін ережелер өзгерген жоқ: олар бұрынғыдай веложолдармен жүре алады, бірақ автомобиль жолына шығуға рұқсат етілмейді.



