Қоғам
Жаңа мамандықты тегін меңгеріп, 125 мың теңгеге дейін төлем алыңыз

Қазақстанда жұмыссыз азаматтар жаңа мамандықты тегін игеріп қана қоймай, оқу кезінде қаржылай қолдауға да ие бола алады.
Еңбек министрлігі ұсынатын қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бағдарламасы 6 айға дейін жалғасады. Оқу барысында қатысушыларға шәкіртақы, жол ақысы, қажет болған жағдайда тұру шығындары мен медициналық тексеру ақысы төленеді. Жалпы қолдау көлемі 125 749 теңгеге дейін жетеді.
Ал егер оқу жұмыс берушінің базасында өтсе, қатысушыларға 86 500 теңге көлемінде жалақы төленеді.
Үйден оқығысы келетіндер үшін Skills.enbek.kz платформасында тегін онлайн курстар қолжетімді. Жыл басынан бері бұл мүмкіндікті 37 мыңнан астам адам пайдаланған.



