Қоғам

Бет-жүзді жабу жайлы: қай кезде рұқсат, ал қай кезде айыппұл?

Қазақстанда жыл басынан бері бет-жүзін толық жабатын киім кигені үшін 1,6 мыңнан астам адам жауапкершілікке тартылды.

Алғашқы құқық бұзушылық үшін әдетте ескерту беріледі. Егер бір жыл ішінде талап қайта бұзылса, 10 АЕК (43 250 теңге) көлемінде айыппұл салынады.

Алайда бұл тыйым барлық жағдайға бірдей қолданылмайды. Ауа райына байланысты, медициналық себептермен, қызметтік міндеттерді орындау кезінде және мәдени-көпшілік іс-шараларда бет-жүзді жабуға рұқсат етіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button